Басты жаңалықтар

Ғазизхан Шекербекке қастандық жасалды

Сазгер Ғазизхан: Бұл жерде мәселе қаржыға емес басқа дүниеге келіп тіреліп тұр

Танымал әнші әрі сазгер Ғазизхан Шекербектің ел алдында дүркіретіп тұрып концерт бермекші болғаны көпшілікке тарап кеткен еді. Бірақ, сол концерт болмайтын болды. Себебі әнші сенім артқан өнердегі достары оны алдап, концертің өтуіне кедергі жасаған деп жазды KYN.KZ сайты. Бұл туралы әншінің өзі "Ел аузында" бағдарламасында айтты. "Ия, менің ерекше дүрілдетіп тұрып концерт беремін деген арманым болды. Оны қолға алып бірнеше жұмыстар жасалып, жоспар бойынша әрекет етіп жатқан едік. Бір кісілер сөзінде тұрмай, кедергісін келтірді. Қастандық десе де болады.Мәселе қаржыда емес. Қаржы мәселесін бірдеңесін қарастырып шешуге болады. Сол себепті өзім аздап күйзеліске түстім. Енді мен ойлаған жоспарсыз да концерт беруге болады. Бірақ ол өзге концерттерден еш айырмасы болмай қалады. Сондықтан, концертті бермей тұратұру туралы шешім қабылдадым",-дейді әнші.