Басты жаңалықтар

Заитов: Президент болсам бір жұмыс істейтін өзге ұлт өкілінен қазақтың айлығын жоғары етер едім

Ақын: жалпы Қазақстан балалары 125 баллмен оқуға түссе, қазақ баласы 115 балмен грантта оқуы керек.

Ақын Қазақстанды басқарса жер туралы заңды қатайтып, мемлекетті құраушы ұлттың мәртебесін көтеруге жұмыс істемек. Ақын Ринат Заитов бүгінде Қазақтарға өз елінде кәсіппен айналысып баюға  белгісіз дөкейлердің туыстарына дейін кедергісін тигізетінін айтып қалды. Оның сөзінше өз елінде өгейдің күнін кешкен қазақ жастары өте көп. Олар жалқау емес, оларда мүмкіндік жоқ екен. Бұл туралы KYN.KZ сайты жазды. "Президент болсам алдымен парламентті тарату деген сияқты олар өз ретімен болады. Шыңғысханның заманында қалай болды. Біреудің қамшысын тауып алса сыйақы, ұрлап алса жазалады емес па? Сол сияқты жемқорларға ауыр жаза үкім ету керек. Біріншіден жер сатуға тыйым салатын едім. Жер халықтың меншігі. Бұл жерде ешқандай дау болмау керек. Екіншіден қазақ ұлтының статусын жоғарылату керек. Мысалы бір жұмыста бірдей еңбек ететін өзге ұлт өкіліне 200 мың теңге болса, қазаққа 210 мың теңге төленсін. Ол осы елдің иесі екенін сезінсін. Жердің қожайыны екені білінуі керек. Ол барлық жерде болуы шарт. Мысалы Қазақстан балаларына грантқа түсу 125 балл болса қазақ баласына 115 болсын. Оған ешкім ренжімеуі керек. Ол қазақ болғаны үшін мәртебесі биік болғаны дұрыс. Өз елінде ешкім қазақты елемесе ол қалай елі үшін жанын қияды ? 10 сотық жері жоқ, ол қалай жері үшін  алдыңғы шепте елін қорғауға шығады? Міне осы екі заңның өзі бірталай мәселені шешетін сияқты",- деді ақын Ринат Заитов.