Басты жаңалықтар

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Данияр супер жұлдыз атану үшін Нью-Йорк және Калифорнияда жекпе-жек өткізуді жоспарлап жүр.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) менеджері Зия Алиев боксшының алдағы жекпе-жегі туралы жаңалықтармен бөлісті, деп жазды Sports.kz сайты. «Промоутерлердің хабарлауынша келесі жекпе - жек 27 шілдеде болады. Оның қайда өтетіні қазірге белгісіз. Ең бастысы Даниярдың сол күні шаршы алаңға шығатыны анық », - дейді Алиев. «Ол Нью-Йорк немесе Калифорнияда жекпе-жек өткізгісі келе ме?», - деген сұраққа менеджер оң жауап қатты. «Иә, онда тұратын қазақстандықтар баршылық. Бұл оның супержұлдызға айналуына тамаша платформа болатын еді. Даниярдың ол жақта кездесу өткізгісі келеді», - деді Зия Алиев. Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде Данияр Елеусінов Чили боксшысы Луис Норамбуэнаны (3-2-1, 0 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын.