Басты жаңалықтар

Алматыда әжейдің дүкеннен киім ұрлап, есепшіні ақшадан алдаған сәті видеоға түсіп қалды (видео)

әйел 10 мың теңгені сатушыға көрсетіп, қайтадан тығып қойып қайырымын алып кеткен

Алматыдағы балалар киімін сататын дүкендердің бірінде егде жастағы әйел сатушыларды алдап, немересіне киім ұрлаған. Дүкен басшылары желіде әйелді іздестіріп жатыр деп хабарлайды KYN.KZ

Балалар киімін сататын дүкеннің бақылау камерасында әйелдің алдымен сатушыны алдап киімге ақша төлемегені, сосын  киімді сөмкесіне салып алғаны көрініп тұр. Сатушыға қызының өтініші бойынша немересіне киім алуға келгенін түсіндірген ол, нағыз ұрлықшы болып шыққан. Дүкен басшылары камера арқылы әйелдің суретін жариялап, желіде іздестіріп жатыр. Ал осы кісіні тауып, ол туралы қандай да бір дерек берген адамға арнайы сыйлық тағайындалған.