Рэпер бойжеткен Say Mo қыпшабел болу үшін ота жасатты(видео)
Әнші ота туралы: Ең бастысы менің арманым орындалды.
Мәскеу сахнасында реп бағыты бойынша өнер көрсетіп, көпшілікті аузына қаратқан Say Mo атымен танымал қазақстандық жобаның финалына өтпей қалды, деп жазды KYN.KZ. Say Mo сахнада ерекше образдарда өнер көрсетіп Мәскеудегі рэп тыңдармандарының жүрегін жаулап үлгерген еді. Оның орындауына Тиматидің өзі жоғары баға беріп, өз командасына алған болатын. Әрине теле жобадағы команда.
Қазақстандық орындаушының көрермендерден келетін дауыс бойынша қарсыластарына жете алмай қалғаны белгілі. Десе де рэпердің жанкүйерлері оның өнерін жоғары бағалайтындарын жарыса жазып жатыр. Say Mo туралы қазірге ақпараттар өте аз. Анығы оның жасы 21-де, Алматы тумасы. Рэпер бірнеше ай бұрын ғана ресейлік дәрігердің көмегіне жүгініп белін ота арқылы жіңішкерткен екен.