Нағима Есентаева ағасы Бақытбек туралы айтып, көпшілікті жылатып алды (фото)
Нағима ханым: Ағатайым, келгеннен кейін бәрін өзің реттейтініңе сенемін
Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева оны бүгінгі туған күнімен әлеуметтік желідегі парақшасында құттықтап, жүрек жарды ақ тілегін жазды, деп хабарлайды KYN.KZ. Қыздарының анасы Баян Мақсатқызын пышақпен жарақаттағаны үшін жазасын өтеп жатқан Бақытбек Есентаевтың жағдайы туралы да қарапайым халыққа қарындасы Назима айтып отырады. Ол үнемі онымен кездесуге барып, оған арнайы тамақтар дайындап жеткізіп беріп жатады. Қарындасы бүгін ағасын кезекті жаңа жасымен құттықтады. Нағима ханымның ақ тілегін оқыған көпшілік көздеріне жас алғандарын жасырмады. "Әкеден көретін қамқорлықты, анадан көретін мейірімді бәрін бір өзің көрсете білген ағатайым менің. Бүгінгі туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын. Саған тек кәзіргі уақытта денсаулық,сабырлық,төзім тілеймін! Аман-есен шығып ортамызға келген соң ,басқасының бәрін өзің жасайтыныңа сенемін. Сен нағыз азаматсың. Мен сенімен мақтанамын, марқайамын, Асқартауым. Тағдырдың өткір қабағы, Жаныңа уайым салады. Басыңнан өткен әр-бір сәт, Өмірдің берген сабағы . Жасаған әр-бір ісіңе, Тәңірдің бар ғой жауабы. Сабыр мен Сенім біріксе, Таусылмас өмір ғажабы . Адал бол әр кез ,адам бол, Біткенше өмір парағы",- деп тілек білдірді Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева.