Басты жаңалықтар

SAP Now Қазақстан 2019 форумы: бизнес үшін ІТ бағытындағы ең ірі іс-шара елімізде қайта өткізілмек

Нұр-Сұлтан, Қазақстан – SAP Now Қазақстан форумы 30 мамыр күні Hilton отелінде (Сауран көшесі, 46, Нұр-Сұлтан, 010000) ІТ, бизнес және мемлекеттік ұйымдар өкілдерінің басын қосады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Биылғы іс-шараның тұжырымдамасы – ақылды бизнес. SAP клиенттері, серіктестері мен сарапшылары инновациялық шешімдердің бәсекелес ортада көш бастауға жетелейтіні мен технологиялардың арқасында шын мәніндегі интеллектуалды кәсіпорын құруға болатыны туралы сөз қозғайды. Жиынға мыңнан аса қонақ шақырылған, солардың ішінде әртүрлі 20 индустрияға қарасты 200-ден аса ірі компанияның өкілдері бар. Форум барысында SAP жаңа әзірлемелері мен негізгі ІТ-шешімдердің жаңартылған нұсқалары көрсетіледі. SAP мамандары мен компания серіктестері кәсіби тәжірибеден алынған 70-тен аса таныстырылым-кейстерін ұсынады, ал клиенттер өз компанияларының цифрлық түрлендіру тәжірибесімен бөліспек. Форумда интеллектуалды кәсіпорын негізі болып табылатын озық технологиялар ұсынылады. Қатысушылар жасанды интеллект, машиналық оқыту, роботтандыру мен компьютерлік көру құралдарын қазіргі уақытта қалай пайдаланатынын білмек. Маңызды тақырыптардың бірі- клиенттермен қарым-қатынас, атап айтқанда клиент профилін басқару, дербестендіру есебінен бейілділікті арттыру мәселелері. Мамандар «Әсерлер экономикасы» (Экономика впечатлений) не екендігін және қандай құралдар арқылы қарапайым клиент нағыз жақтаушыға, өнімдер мен шешімдер жабысқақ ойға, ал қызметкерлер амбассадорға айналатыны туралы баяндайды. «SAP форумы цифрлық түрлендіру үшін үздік салалық шешімдер алмасатын тиімді алаң ретінде танылды. Ол халықаралық деңгейдегі сарапшылар мен Қазақстан және ТМД елдері бизнес өкілдерінің басын біріктіреді. Іс-шара жеке компаниялардың трансформациясы ғана емес, тұтас ел көлеміндегі цифрландыру жобаларының артуына сеп болмақ», - деді SAP-тың ТМД елдеріндегі басқарушы директоры Илья Юрьев. Іс-шара бағдарламасын сілтеме бойынша алуға болады. БАҚ үшін шақыру кейін жіберіледі. Аккредитация бойынша Айнұр Байғожаға + 7 777 767 77 99 (abai@ag-loyalty.com) хабарласыңыз.