Жігіттерге қыздарды гипноздап төсекке сүйреуді үйрететін тренингтер көбейді (видео)
Тренинг жетекшісі: Қыздың есінде мәңгі қалғың келсе естен кетпес түн сыйла
Әлеуметтік желіге телмірген заманда тұрмыстағы қарапайым түрлі жағдайлар бойынша ақыл айтып, тренинг өткізетіндер көбейіп кетті. Ақылын ақшаға айналдырып жатқандар жігіттерге қызды гипноздап оның есінде мәңгі қалатын түн сыйлауға үйретіп жүр,деп жазды KYN.KZ "Еуразия" арнасына сілтеме жасай отырып. Инстаграм желісіне тренер жарнама беріп, жігіттерді қызды есінен тандыру шеберлігіне баулу үшін қанша төлейтіндерін, қанша уақыт оны оқытатынын анық жазған. Ал ондай маманның көмегіне жүгінетін жігіттер де аз емес екен. Қоғам белсенділері тәртіп сақшылары үлкен бір қылмыс болмайынша әрекет жасамай отырған кезде, жігіттер талай қыздың тағдырын талаққа салады деп жатыр.
Айтуларынша мұндай тренингтер талай қылмыстың болуына алып баратын қауіпті жағдайларға алып барады екен.