Атырауда жомарт жандар бірігіп көпбалалы анаға үй салып берді
Қарапайым халық асарлатып жүріп Еркінқала елдімекеніне қарасты жерде үйді өздері салған.
105 шаршы метр болатын үйді Мейрамгүл Әмірғалиева есімді көпбалалы анаға арналып салынған. Жалғызбасты ананың бір баласы арнайы тіркеуде тұрған "ерекше" бала. Бас біріктіріп, жақсылық жасауға бекінген белсенділер үйді үш айдың ішінде салып бітірген.