Басты жаңалықтар

Актер Қуандық Шәкіржанов лағман созып қыз-келіншектерді таң қалдырды (видео)

Актер: Кім осылай лағман дайындай алады?

Танымал актер Қуандық Шәкіржанов лағман созып жұртты қайран қалдырды. Көпшілік актердің аспаздық өнеріне сүйсінді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

Актердің өзі парақшасына видеоны жүктей отырып " Кім лағман дайындай алады? деп көпшілікке сұрақ қойған. Желі оқырмандары болса өз кезегінде оған қызыға қарайтындарын жасырмаған. "Жіңішке етіп жақсы созыпсыз.", "Қандай тамаша, қабілетті адам, нені болса да жасау қолынан келеді деп жатады. Жігітке жеті өнер де аз деген бар. Сіз нағыз аспаз сияқтысыз" , "Аға бұл жаңа рөліңіз ба? тамаша, актерлігіңіз де керемет Ас болсын" ,- деген сынды жағымды пікірлер көп түскен.