Басты жаңалықтар

Бибігүл Дәулетбекқызы Асхат Садырбайдың саяси сауатын сынап, оған шоу-бизнесте қалуға кеңес берді

Дәулетбекқызы: "Асxат, түсе ғой жерге! Не үшін айдаһар болу керекпіз?!

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы журналист әрі продюсер Асхат Садырбайдың президенттікке үміткерлерге қойған талабына қарап,  оған шоу-бизнес саласынан саясатқа қарай ауытқымауға кеңес берді, деп жазды KYN.KZ. "Әріптесім Асхат Садырбай Фейсбук желісіндегі парақшасында: "Дебат өтсе 3 тілде өтсін! Қазақша, ағылшынша,қытайша!" депті (автордың жазғанын сол күйі алдарыңызға жариялап отырмын). "Асxат, түсе ғой жерге! Не үшін айдаһар болу керекпіз?! Әне, украиндықтар өз тілінде дебат жасады. Американдықтар ағылшынша.Осындай жалтақтықты қоймағанша, Ел болмаймыз!" деп жаздым пікірлердің астына. Басында қалжыңы болар деп едім, сөйтсем шырағым маған бүй дейді: "Бибігүл Дәулетбекқызы мен аспанда жүрген жоқпын! Заманауи президент, жалпы кез-келгеніміз осы үш тілді білуіміз керек! Сыртқы саясат қазақ тілімен шешілмейтін шығар?!" О, Құдайым-ау, сырт не айтады деп онсызда 30 жыл тұншығып келеміз ғой. Енді тағы сыртпен санасуымыз керек пе?! Онсызда, ресейдің тілімен 1 ғасыр сөйлеп келеміз, оған енді қытайды қосқаның қай сасқаның, Асхат, а?! Кейде саясатқа араласпағаны жөн бе деймін, кей әртістер мен шоу-бизнестегілердің...",- деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.