Басты жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы өзін сұхбатқа шақырған Қарақатты састырып тастады (видео)

Кәсіби журналист әншінің өзін сұрақтың астына алып, оқиғаны дұрыс зертемегенін мойындатып қойды

Әнші Қарақат Әбілдина "Қарақатпен шай" бағдарламасына Ләйлә Сұлтанқызын шақырып ұятқа қалды. Себебі, Қарақаттың  өзі Ләйләнің  "қыздығын сатылымға қойған бойжеткен" жайлы бағдарламасын  толық көрмеген, сұрақты бастағанымен соңында кәсіби журналистің қыспағында қалып қояберді, деп жазды KYN.KZ. Ләйлә Сұлтанқызы сұхбат бойына Қарақаттың сұрағына сұрақ қайтарып, өзін састырып эмоцияға берілуіне арандатып отырды. Ойы шашырап, өзін сенімсіз ұстаған Қарақат басқа сұрақтар қоя бастап еді Сұлтанқызы оның барлығын жылы әрі жұмсақ ұрысып жауып тастап отырды. Бағдарламаны көргендер Ләйләның әккілігіне қайран қалғандарын жарыса жазған. "Ләйлә, балықсың-ау.Ұстатпадың ғой", "Мына екеуі не айтып кетті? кімнен кім сұхбат алып жатыр? Екеуіде беттерін тарттырып алып не күле алмай не жымия алмай көздері шатынап не істеп отыр?"."Қарақат ханым тәрбиелі ана, мына Ләйлә өзінікі дұрыс емес екенін мойындамайды, тек алдаусыратып "сосын айтамын" деп сасып отыр" деген сынды пікірлер көптеп жазылды. Оқи отырыңыз:

Жанардың мәлімдемесінен кейін Керменбаевтың келіншегі: Маған үзіліс керек

Данияр Елеусінов Головкин екеуінің арасындағы түсініспеушілікке нүкте қойды

«Сыныптастарым мені семіз деп мазақ ететін»: Төреғалидың қарындасы қалай арықтағанын айтты

Екінші рет әке атанды: Данияр Елеусінов жеке өмірі мен отбасы туралы айтты