Нұр-Сұлтанда "Сарыарқадағы" зообақта 6 жасар қызды маймыл тістеп алды
жануарларды ұстап, тамақтандыруға болатын зообақ қожайыны қыздың ата-анасына моральдық өтемақы төлейтін болды.
Басқаладағы "Сарыақа" ойын-сауық орталығы ішіндегі жануарларын тамақтандыруға болатын зообақта маймыл 6 жасар қызды тістеп алды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Бұл істі Есіл ауданының соты қараған. Соттан келген хабарламада "Жануардың салған жарақаты жеңіл, бала болған жағдайдан шошып қалған" делінген. Болған жайттан кейін қыздың әкесі хайуанаттар бағының қожайынын сотқа беріп, одан моральдық өтемақы талап еткен. Сот кәсіпкерді жәбірленушіге 50 000 теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.