Басты жаңалықтар

Бүгінгінің Құнанбайы 4 әйелімен бір шаңырақта қалай тату тұрып жатқанын көрсетті (видео)

Қуаныш Хантөриннің бәйбішесі: Тақсыр әр үйленген сайын ерекше қуанамын, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес

Қуаныш Хантөрин бүгінде пайғамбар жасынан асқан ақсақал. Оның төрт әйелден он алты баласы, жиырма бес немересі бар. Бүгінде осы заманның Құнанбайы атанып кеткен ақсақал төр әйелмен қатар анасын да өз қолында бағып отыр, деп жазды KYN.KZ  "Пендеміз ғой" бағдарламасына сілтеме жасай отырып. Қуаныш Хантөриннің бәйбішесі алғаш рет тоқал алуға ол кісімен 16 жыл отасқаннан кейін рұқсатын берген. Айтуынша алғашында іштей қарсы болғанымен қазір еті үйреніп кеткен. Үшінші, төртінші әйелді үйге алып келген кезде тіпті қуанатын жағдайға жеткен.  width=

Қуаныш Хантөрин бәйбішесімен

"Мен тақсыр үйленемін десе қазір үйреніп кеттім. Қуанамын. Қалай түсіндірсем болады? оны тіпті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бәріміз де дін жолындағы адамбыз. Сондықтан көп әйел алған ер азаматымызды жоғары бағалап, оның шешіміне құрметпен қараймыз, қалауына қарсы болмаймыз. Мен өзімнен кейінгі әйелдерге ешқашан үлкендік жасап көрмеппін. Қанымда жоқ ондай",- дейді Қуаныш Хантөриннің бәйбішесі.  width=

Қуаныш Хантөриннің екінші әйелі Мәдина

Екінші әйелі Айжан. Ол Қуаныш Хантөринге тұрмысқа шыққан кезде университетті бітіріп жатқан 20 жастағы қыз болыпты. Қазақ тілі мен әдебиеті маманы мұндайды тарих пен әдебиеттен көп оқыған болса керек, қазіргі ерінің ұсынысын бірден қабыл алған. "Анам түс көріп, түсінде мені көктен жұлдыз түсіп алып кетіпті. Содан мені тұрмысқа шығады деп болжапты. Анама алғашында бұл кісіні 28 жаста дедім. Көрінісі жас болған шығар оны ешкім 38 жаста екенін аңғарған да жоқ. Бірақ құдалық болып, жолға шыққан кезде қоштасардың алдында анама ол кісінің төрт баласы, бәйбішесі барын айтып шығып кеттім. Өз келісімім бойынша болды бәрі. Ол кісіні көргенде жылап қоябердім, ерім мені көріп ол жылап қарсы алды. Міне осындай сыйластық пен махаббаттың арқасында отастық",-дейді Қуаныш Хантөриннің екінші әйелі Айжан. Үшінші мен төртінші әйелі бұрын тұрмыста болған, балаларымен жесір қалған келіншектер екен.  width= "Мәдина төрт баламен күйеуінен жесір қалды. Оны күйеуінің інісіне әмеңгерлікпен алып бердік. Кейіннен ол азамтта өмірден өтті. Содан кейін төрт баласына қамқор болып, өзіне қорған болайын деп үйленіп алдым. Айгүл екі қызын тұрмысқа берген құрдасымыз еді. Жесір қалғаннан кейін, қыздар тұрмысқа кеткен соң жалғыз қалу әйел кісі үшін ауыр ғой. Содан ол кісіні де өз шаңырағыма шақырдым",- дейді Қуаныш Хантөрин. Айтуынша төрт әйелді тең көріп, барлығының көңілінен шығуға тырысады. Ақсақалдың екі жайлауда соңғы екі тоқалы тұрады. Бірі жылқы ұстайтын жайлауда болса, бірі қой бағатын жайлауда. Ал бәйбіше мен екінші әйел төрелерінің анасы мен балаларына жағдай жасап аудан орталығындағы үйінде. Әйелдері қазір бір- біріне қолдау көрсетіп келіндеріне тәрбие беріп,немерелерді кезектесе тәрбиелейді екен. Алғашқы жылдары түсініспеушіліктер болғанымен қазір барлығы да бірін-бірі қас қабағынан түсініп тұрады екен.