Басты жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан президенті болудың қаншалықты қиын екенін айтты

Президент: Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңесу мүмкіндігім бар.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24» телеарнасындағы «Вести недели» бағдарламасына сұхбат берді. Телеарна тілшісі  ҚР Мемлекет басшысына «Қазақстан Президенті болуы қиын ба?» деген сауал қойды. «Қиындығы да бар, алайда ең бастысы - бұл жауапкершілік. Сенің қолыңда мемлекет тағдыры тұрғандығы туралы жауапкершілікті түсіну - бұл ең маңызды. Әрине, жауапкершілік адамның ісін тәртіпке салады. Сонымен бірге,  Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңесу мүмкіндігім бар. Менің ойымша, қазақша транзиттің мағынасы дәл осында деп білемін», - деді Мемлекет басшысы.