Полицейдің суға кеткен адамды құтқаруы күдікке ілінді
Қарағандыда полиция қызметкерінің суға батып жатқан адамды құтқарып қалған видеосы желіде қызу пікірталас туғызды. Видеоны көргендердің көбі мұны арнайы әзірленген қойылым деген ойда",-деп жазды KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасай отырып. Адам суға батып бара жатқанда ұялы телефонның камерасы қосылуы кездейсоқ емес дейді көбі. Одан кейінгі кадрлерде полиция мойоры ес түссіз жатқан жігітті судан сүйреп шағарып жатыр. Жұрттың көбі мұны қойылымға балайды. Дегенмен, тілшілеріміз суға батқан жігіт пен оның құтқарушысын тауып, сөзге тартты. Жігіттің айтуынша ол бұл жерге балық аулауға келген екен. Күннің ыстығында салқындап алмаққа, суға түсіпті. Жағаға жүзіп келе жатқанда сіңірі тартылған. Қолдың күші кеткенде бата бастайды. Оның өмір үшін жанталасы көліктегі жолаушының ұялы телефонына түскен. Ал, көлік тізгінінде болған полиция қызметкері тұра ұмтылып, киімшең суға секіріпті. "Суға батып жатқанымды білем, жағаға шығарғанын білем, сосын ауруханада жатқанымды білем. Болды. Мына жерден қаншама машина өтіп жатыр, соның арасында сол кісі ғана тоқтап көмектесіп алып шықты. Алғысымды айтамын",- дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Жәнібек. "Жүгіріп түскенімді білем, ана кісінің қасына барып, ұстаған кезде өзімнің басымнан бір екі рет батырып жіберді. Мен сосын иығынан қысып алдым қолдары артқы жақта болсын деп. Әйтпесе өзімді де батыратындай болды. Алып шыққан кезде жағаға, інішегім тағы ұялы телефонмен түсіріп жүр. Оған ренжідім ұялы телефонға түсірме деп", - Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға иснпекторы Дастан Азанбаев.