Ләйлә Сұлтанқызы: Сымбатты көріну үшін ішімнен 2-3 литр майымды сорғыздым
Белгілі тележүргізуші 24 жасынан бастап бетіне қартаюға қарсы екпелер жасатады екен.
Танымал тележүргізуші "Қарақатпен шай" бағдарламасында бет күтімі мен сұлулығының құпиясын ашыт, деп жазды KYN.KZ. «Мен 24 жасымнан диспорт, ботокс салдырған адаммын. Себебі менің терімнің типі ерте қартаятын типке жатады. Мен оны ашық айтамын, жасырған емеспін. Уақыт өте келе олар күшін жоя береді. Басында бір жылға жетсе, келесілерінде бір-екі айға ғана жететіндері болады. Көзімнің артық салбырап тұрған терісін алдырдым. Бірақ формасын өзгерткен жоқпын. Пластикаға дұрыс қараймын. Бетіме мезотерапия, ботокс, екпе саламын. Беттегі теріні әлі тартқызған жоқпын. Елімізде алғашқылардың бірі болып липосакция жасатқан қызбын. Ол қарын майын тартқызу, сорғызу. Мен оны он жыл бұрын жасаттым. Екінші баламды дүниеге әкелгеннен кейін ішім кетпей қойды. Сол кезде 2-3 литр майымды сорғызғам. Өзіме көрсетті. Әрине, ол қорқынышты процедура. Бірақ менде басқа амалым болмады. Тамақтан да тыйылдым, спортпен де шұғылдандым. Болмады»-дейді журналист.