Арман Қоңыр Ашаны қортық дегендерге жауап берді
Аша Матайдың өзі болса бойының 1,57 см екенін мазақ еткен азаматқа ерекше жауап қатты
Танымал әнші әрі актриса Аша Матайды бойының аласалығы үшін сынайтындар көп. Тіпті актрисаны сұңғақ бойлы күйеуіне жұп көрмейтіндер де көп, деп жазды KYN.KZ Тележүргізуші Ашаның кемшілігін бетіне басатындарға оның күйеуі Арман да жауап берді.
"Мен үшін ол ең сұлу қыз. Мұндай пікірді менің табынушым жазса керек. Ашуын сүйіктімнен алғысы келген шығар",-дейді Арман Қоңыр. Ал Ашаның өзі болса мұндай сынға әбден үйреніп қалғанын, көілін түсіріп, ешкімге ренжімейтінін айтады. "Енді Алланың берген бойы. Бұған еш өкпем жоқ. Керісінше Жаратушыға осы өмірге келгенім үшін, жаратқаны үшін алғысым шексіз",-дейді Аша Матай