Басты жаңалықтар

«Детская новая волна-2019» байқауында қазақстандық Аружан үздік бестікке ілінді

Аружан «Аялаған Астана» республикалық балалар байқауының жеңімпазы

Аружан Ардақ «Детская новая волна-2019» халықаралық балалар байқауында үздік бестікте. Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет және спорт басқармасының мәліметінше, байқауға әлемнің 8 мемлекетінен 11 жас орындаушы қатысты. «Аялаған Астана» республикалық балалар байқауының жеңімпазы Аружан Деми Ловатоның репертуарынан «Warrior» және Полина Гагаринаның репертуарынан «Танцуй со мной» әндерін орындады. Қазылар алқасының дауыстары нәтижесінде Аружан үздік бестікке кірді. Басты сыйлықты Ресейдің екі бірдей әншісі Алиса Голомысова мен Денберел Ооржак бөлді. Екінші орынды Беларусиялық Ярослав Соколиков иемденді. Ал үшінші орынға Өзбекстандық Милана Пак сай болды. Халықаралық қазылар алқасына танымал әртістер мен музыканттар кірді. Олардың ішінде Лев Лещенко, Олег Газманов, Николай Басков, Игорь Крутой, Юлия Савичевалар бар. Айта кетейік, «Аялаған Астана» байқауы 2013 жылдан бастап Қазақстанның түпкір-түпкірінен таланты балаларға өздерінің вокалдық дарынын көрсетуге және ең мықтылармен орындаушылық шеберліктерімен сайысуға мүмкіндік береді. Байқауға 7 және 13 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Алғаш рет «Аялаған Астана» елорданың 15 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған.