Жамбылда аударылған пойызда бір жасөспірім қаза болды
Тағы үш адам ауруханаға жеткізілген
Бүгін Жамбыл облысында пойыз аударылғанын хабарлаған болатынбыз. Нәтижесінде төрт адам жапа шегіп, бір жасөспірім қаза болды деп хабарлайды KYN.KZ «Төрт адам аурухана жеткізілді, бір жасөспірім қаза болды. Пойызда болған қалған жолаушылар Шуға жеткізілді. Дәл қазіргі сәтте оқиға орнында апат себебін анықтау мақсатында жұмыс жасалынып жатыр», - деді ТЖМ пресс-хатшысы Сәулекүл Мұнатаева.