Басты жаңалықтар

Қазақстандық спортшы  әлем біріншілігінде екі алтын алды

 Халықаралық жарысқа алғаш рет қатысып отырған 20 жастағы спортшы қыз бапкерлердің үмітін асыра ақтаған

Сува (Фиджи) қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Дарья Ахмерова Қазақстан командасы үшін екінші алтын медальді жеңіп алды. Халықаралық жарысқа алғаш рет қатысып отырған 20 жастағы спортшы қыз қоссайыс нәтижесінде 236 келіні (103+133) бағындырып, Әлем чемпионатының алтынына қол жеткізді. Сонымен қатар, Дарья серпе және жұлқа көтеруден "кіші" алтын медальді қанжығасына байлады.