Тұңғышбай Жаманқұловтың анасы қайтыс болды
Халықтың сүйікті актері Тұңғышбай Жаманқұлов анасынан айырылып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ. "Театрымыздың актері, режиссер, театр педагогы, Қазақстанның xалық артисі - Тұңғышбай Жаманқұловтың анасы – Жаманқұлова Гүлхара Хабибулақызының қайтыс болуы жайындағы қаралы хабар біздің қабырғамызды қайыстырды. Театр ұжымы атынан орны толмас қазаға марқұмның отбасына, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз",-деп хабарлады Мұхтар Әуезов атындағы театрдың баспасөз қызметі.