Басты жаңалықтар

Отырар ауданында көпбалалы отбасы баспаналы болды

Аудан әкімдігі атынан көпбалалы отбасыға тоңазытқыш пен кір жуатын машина, үйге қажетті жиһаздар тарту етті.

Ораза айтының соңғы күні Түркістан облысы Отырар ауданында көпбалалы Мүсіреповтер отбасы баспаналы болды. Пәтерден пәтерге көшіп, тұрмыс қиындығын көріп жүрген отбасыға жеке кәсіпкер Бауыржан Қаныбеков пен Темір жалпы орта мектебін 1994 жылы бітірген түлектер бес бөлмелі үйдің кілтін тарту етті. Қарағанды облысында 11 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады Баспанаға ие болып, қуанышқа кенелген жанұяның шаңырағына аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып, туған жерін түлетуге атсалысқан және қайырымдылық жасаған азаматтарға алғысын білдірді.