Басты жаңалықтар

Айжан Байзақованың некесі қиылып, тұрмысқа шықты (видео)

Танымал актрисаның күйеуінің кім екені белгілі болды

Танымал актриса Айжан Байзақованың некесі салтанатты түрде Алматы қаласында қиылды, деп жазды KYN.KZ сайты. Күйеуі жігіттің есімі - Ерлан. Салтанатты жиынға Қазақстан бойынша танымал вайнерлер жиналған. Видеодан неке қию рәсімінің өте әсерлі болғанын байқауға болады. Көпшілік бұл жайтты Байзақованың кезекті рөлі деп те жатты. Дегенмен бір баланың анасы осыған дейін сүйіктісінің барын, жақын арада тұрмыс құратынын жасырмаған еді.