Басты жаңалықтар
Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кету себебі анықталды
- автор kyn.kz
- 17 маусым, 2018
- 253
ҚР ИДМ Көлік комитетінің өкілдері Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кетуінің алдын ала себептерін айтты
Бұл туралы Қазақпарат жазды
«17 маусым күні 13:25-те Сарышаған - Шу учаскесінде Астанадан Алматыға бара жатқан №9/10 пойызының жолаушы вагондары рельстен шығып кетті. Оған машинистің жолдың қисайған жерін көріп, шұғыл тежегішті басқаны себеп болған.
Оқиғаның мән-жайын тексеру үшін ҚР ИДМ Көлік комитетінің жанында арнайы комиссия жасақталды», - деп мәлімдеді Көлік комитетінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызының апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз. Одан кейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыздың апатқа ұшырауына қатысты ресми мәлімдеме жасап, оқиғаның шығу себебін тексеретін арнайы комииссия құрылғанын жария еткен еді.