Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кету себебі анықталды
ҚР ИДМ Көлік комитетінің өкілдері Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кетуінің алдын ала себептерін айтты
Бұл туралы Қазақпарат жазды «17 маусым күні 13:25-те Сарышаған - Шу учаскесінде Астанадан Алматыға бара жатқан №9/10 пойызының жолаушы вагондары рельстен шығып кетті. Оған машинистің жолдың қисайған жерін көріп, шұғыл тежегішті басқаны себеп болған. Оқиғаның мән-жайын тексеру үшін ҚР ИДМ Көлік комитетінің жанында арнайы комиссия жасақталды», - деп мәлімдеді Көлік комитетінің баспасөз қызметі. Бұған дейін Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызының апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз. Одан кейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыздың апатқа ұшырауына қатысты ресми мәлімдеме жасап, оқиғаның шығу себебін тексеретін арнайы комииссия құрылғанын жария еткен еді.