Сиви: Жанардың еркелігіне шыдау мүмкін емес, әрі қарай продюсер болмаймын
Хамитова бәріне келісіп алып сахнаға шығатын кезде өлең айтпаймын деп шу шығарады екен
"Арнау" тобының экс- әншісіне қолдау көрсетіп, қанатының астына алып, ақшасын салып жүрген Сиви Махмуди Жанардан шаршағанын айтты. Ол тіпті елдің сөзін елемей Хамитоваға көмек қолын созғанына өкініші бар сияқты, деп жазды KYN.KZ "Время" басылымына сілтеме жасай отырып. "Жұрт ертең Сиви Жанарды орта жолда қалдырды демес үшін жағдайды ашық айтайын. Оның мінезі өте ауыр әрі түсініксіз. Жарты сағаттан кейін басқаша құбыла салады. Кейде бәріне келісіп отырып, іске келгенде істемейтін болып қалады. "Ән айтқым келмейді" деп жылайтын кездері де болады. Әрине оның миы шаршаған. Себебі, балаларын уайымдайды, бақытсыз балалығы, сәтсіз махаббат, ата-анасымен түсініксіз қарым-қатынасы деген сияқты көптеген дүнелерге шыдау әрине оңай емес. Одан қалса Жанар болашағын Қазақстаннан көрмейді. Әрине арасында маған рақметін айтып, қолдау көрсеткенімді бағалайтынын айтады. Бірақ ондай құбылмалы адаммен ұзақ уақыт жұмыс істеу оңай емес. Күзге жақын оны өз бетімен жіберетін шығармын. Оған дейін өмірінде мүмкін өзгеріс болар. Тұрмысқа шығып немесе басқа бір продюсер тауылып қалар",-деді Сиви Махмуди.