Басты жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда "Face of Asia" халықаралық фестивалінде Айдана Меденова марапатталды (фото,видео)

Меденованың орындауындағы ән ең үздік үштікке ілінді

Қазақстандық әнші Айдана Меденова Сеул қаласында өтіп жатқан "Face of Asia" халықаралық өнер фестивалінде "Азия елдері арасында  шоу - бизнес  және музыка индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін" марапатталды, деп хабарлайды KYN.KZ.  

Бұл туралы KYN.KZ сайтының тілшісіне әншінің продюсері Жан Мұханов баяндап берді. Аталмыш Фестивальде Айдананың орындауындағы ән ең үздік үштіктен көрінген. Сайыста әлемнің көптеген елдерінен  25 қатысушы өнер көрсеткен.