Өлгім келеді төрт баланы уайымдаймын: Қайын апасы ажырастырған келіншек мұңын шақты
Әйел: Еден жуып жалдамалы пәтерде тұрамын. Кейде балаларым жеуге нан таппай аш ұйықтайды
Төрт баланың анасы күйеуінің балаларына мейірімсіз екенін айтып көпшіліктен көмек сұрады. Себебі денсаулығы нашар әйел көп ақша табатын жұмысқа жарамсыз екенін айтады. Еден жуып тапқан ақша нан мен пәтер ақыдан артылмайды екен, деп жазды KYN.KZ. "Біздің отбасымыздың шаңырағын ортаға түсірген күйеуімнің әпкесі болды. Қазір төрт баламмен жалдамалы пәтерде тұрамын. Ең кенжем екі жаста. Өзім денсаулығым нашар, ауа жетпей қысылатын кездерім болады.Төрт баланы аштан қатырмау үшін бір кеңсенің еденін жуамын. тапқан ақшам наннан басқаға жетпейді. Ауырып қалған кезімде үйде нан болмай қалған күндер де болды. балаларымның аш түрін көргенде қиналып кетемін. Асылып өлгім келген кездер де болды. Бірақ, балалардың өміріне алаңдайды екенсің. Күйеуіммен ажырасқаныма екі жыл болады жақында. Ол отбасындағы кикілжің кезінде әпкесін тыңдап балалары мен меннен бас тартты. Көмектескісі келетін адамдар болса мына номерге хабарласып, жағдайымызды келіп, өз көзімен көруіне болады. 87477107004, 87774678815.",- деп жазды келіншек