Көкшетауда 35 жастағы ер адам анасын сабап өлтірді
59 жастағы зейнеткерді туған баласы не үшін ұрып, өлтіріп тастағаны анықталу үстінде
Қазір күдікті қамауда отыр. ҚР ҚК-нің «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалды, деп жазды KYN.KZ. 35 жастағы ер адам анасын сабап өлтірген. Қайғылы оқиға 9 маусым күні болған. Облыс орталығындағы үйлердің бірінде 59 жастағы әйел өлі табылды. Алдын-ала мәлімет бойынша, көкшетаулық 1984 жылғы ер адам үйіне келген. Анасы мен баласының арасында кикілжің шығып, ер адам шешесіне қол көтерген. Қазір күдікті қамауда отыр. ҚР ҚК-нің «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалды.