Басты жаңалықтар
Степногорскіде түрмеден қашқан қылмыскер автотұрақ күзетшісін кепілге алды
- автор kyn.kz
- 17 маусым, 2018
- 275
полицейлер қылмыскерді қалай ұстағандарын айтып берді
Ақмола облысының полицейлері түрмеден қашқан қылмыскерді ұстау шаралары қалай іске асырылғанын айтып берді.
Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 17 маусым күні сағат 19.30-да Степногорск қаласында осында орналасқан қатаң тәртіптегі колониядан қашып кеткен сотталушы ұсталды.
«Ұстау барысында ол автотұрақтың күзетшісін тұтқынға алды. Бірақ полиция қызметкерлерінің уақытылы қолданған шараларының арқасында кепілге алынған азамат босатылды.
Ұстау операциясы барысында ешкім зардап шеккен жоқ», - деп атап өтті ведомствода өкілі.
Қылмыскердің түрмеден қашу фактісі бойынша қызметтік тексеріс басталды.
Еске салайық, бүгін түнде Степногорск қаласындағы ЕЦ-165/18 мекемесінен кісі өлтіру, зорлау және ұрлық қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқан 26 жастағы сотталушы қашып кеткен болатын. Қылмыскер кешке полицейлердің қолына түсті.
Келесі мақала