Басты жаңалықтар

Заитов ІІБ-да отырып өзін қолдау мақсатында жиналған халыққа үндеу жасады(видео)

Ринат: Үйлеріңізге қайтыңыздар, ешкімнің қанын мойныма алғым келмейді

Ішкі Істер басқармасында отырған Ринат Заитов  өзін қолдау мақсатында жиналған мыңдаған адамнан үйлеріне тарауды сұрады, деп жазды KYN.KZ "Құрметті ағайындар, Алматылықтар барлықтарыңыздан үйлеріңізге тарауды сұраймын.  Алаңдайтындай, толқитындай ештеңе болып жатқан жоқ. Меің ешкімге өкпем жоқ. Сондықтан баршаңыздан үйге қайтуларыңызды сұраймын. Мен ешкімнің бір тамшы қанын мойныма алғым келмейді. Ешкімге өкпе жоқ. Мен де қазір үйге қайтқалы жатырмын",-деп видео үндеу жасады Ринат Заитов

Бұл кезде Алматы көшелерінде мыңдаған адам ақынды қолдап, тәртіп сақшыларынан оны босатуды сұрап тұрған болатын.