Қан төгілсе қарап қалмаймын: Қайрат Нұртас Қазақстан полициясына өз талабын қойды
Әнші: Осыған дейін ешқандай ұйымға кірмей, ешкімнің сөзін сөйлеген емес едім.
Әнші Қайрат Нұртас Қазақстан полициясына өз талабын қойды. Ол рұқсат етілмеген митингтер кезінде қамауға алынған барлық азаматтың бостандыққа шығарылғанын талап етті, деп жазды KYN.KZ. "Ия мен әншімін. Бұл менің бала-шағамды асырап отырған жұмысым. Осы уақытқа дейін ешкімнің жағына шыққан адам емеспін, себебі xалықтың тыныштығы мен үшін ең маңыздысы. Алайда соңғы жаңалықтарға байланысты айтарым, xалқымның қаны төгілсе қарап қалмаймын. Өйткені мені көтерген xалық! Елімде болып жатқан жайттарға жүрегім ауырғаннан, бей-жай қарап, үнсіз отыра алмаймын. Бірақ 1986 жылғы оқиғаның, қазағымның қаны төгілгенін де қаламаймын. Құдай сабыр берсін! Биліктегілерге xалықтың мұң-мұқтажын еститін кез келді. ҚР Конституциясына сәйкес мемлекеттің ең бірінші байлығы ол -ХАЛЫҚ. Халыққа қарсы шығу ол Аллаға қарсы шығумен тең. Осы орайда ҮКІМЕТТЕН БАРЛЫҚ ЖАН АЙҚАЙЫН ЖЕТКІЗІП ҚАМАЛҒАН БАУЫРЛАРЫМДЫ, ХАЛЫҚТЫ БОСАТУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН! Бұл дүниеде барлық нәрсе Алланың қалауымен болатынында естен шығармағанымыз абзал! Алланың өз есебі бар шығар... Бүлік шыққан мемлекеттердің де оңғанын көрмедім. "Ашу дұшпан, ақыл дос" демекші, барлығына басқаша қарайық. Құдай қайырын берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Мен Сіздерді жақсы көрем! Сүйдім!",- әнші Қайрат Нұртас.