Басты жаңалықтар

Головкин мен Канело бірін-бірі көруден бас тартты

Олар реванш алдында жүздеспейтін болды

Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы рематч алдында ешқандай баспасөз-мәслихаты болмайтын болды деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған KYN.KZ  

Шетелдік журналистің сөзінше, Том Леффлер Канело – GGG рематчы алдында "көз арбасу дуэлі" сынды телебағдарламалардың болмайтынын растаған. "Себебі боксшылар бірін-бірі көргісі келмейді. Енді жекпе-жекке бір апта қалғанда баспасөз-мәслихаты да өтпейді", - дейді Майкл Бенсон. Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында өтеді.