Қорғаныс министрлігі "ҚазАқпаратқа" оқиғаға қатысты пікір білдіріп, не болғанын түсіндірді. Анықталғандай, Бейбітшілік пен келісім сарайының маңында президентті ұлықтау рәсіміне дайындық жүріп жатыр.
"Президентті ұлықтау рәсіміне ауқымды дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шара кезінде салтанатты шеру мен салюттар болмақ" , - деді министрлік өкілдері.
Еске сала кетейік, күні кеше Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялаған болатын. Оның нәтижесінде, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңіске жеткені белгілі блды.