Басты жаңалықтар

Бұл нәтиже қанмен, маңдай термен келді: Қосанов парламенттік сайлауға қатысатынын айтты

Қосанов: 1,5 мллн адам маған сенді. Неге солардың үмітін ақтау үшін әрі қарай жылжымасқа?

Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында үміткер болып, Орталың сайлау комиссиясының шешімімен  дауыс жинаудан екінші орынды алған Қосанов алдағы жоспарымен бөлісті, деп жазды KYN.KZ Қазақстан президентіне үміткер болған Қосанов  сайлауда екінші орын алуға маңдай тер мен талай еңбектенгенін айтты. Журналист Қосановқа: Келесі жылы парламентте сайлау болады, оған қатысасыз ба? Парламенттік сайлауға қатысты қандай жоспарларыңыз бар?

Қосанов: Қараңыз, билік қалай десе де ОСК  үкімімен 16 пайыз халық маған дауыс берген. Бұл дегеніңіз бір жарым миллион адам. Неге мен өзіме сенім артқан осынша адамның үмітін ақтау үшін әрі қарай жылжымасқа? Бұл менің еңбегім, менің командамның еңбегі. Бұл қанмен, термен келген нәтиже. Неге маған мұны пайдаланбасқа.  Маған осы жерде елдің сынынан кейін ақталып отыру оңай дейсіз ба? Мұның барлығы Мұхтар Әбілязовтың сыны мен кей адамдардың мұқатуымен келген дүние. Міне осы жауаптан кейін көпшілік Қосановтың парламенттік сайлаудан үміткер екеніне сенімді болып отыр.