Айдарбекова мен Қайратқа Жұлдыздың бейәдеп қылықтарына шағымданатындар көбейген
Айдарбекова: Қайрат пен маған "Жұлдызға қой десеңіздерші" ,"тәрбиесіз дүниелер айтып жүр" деп жазатындар көбейіп кетті
Танымал әнші Қайрат Нұртас пен оның продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбековаға Жұлдыз Абдукаримованы жамандайтындар көбейіп кетіпті. Себебі Жұлдыз желіде отырып алып, тәрбиеге жат жазбалар жазып, елге дөрекі сөйлейтін көрінеді, деп жазды KYN.KZ. "Жұлдыздың атынан небір парақшалар ашылып, ойына келгенін салып, ойларына келгендерін жазып бір жағынан күлкі еткісі келсе, екінші жағынан оқырман жинап әлек. Менің келінім, ойына келгенін жазып отыратын санасыз емес. Мұндай сайқы мазақтары үшін пайдаланғандары үшін қарап қалмаспын. Сіздерден өтініш: кез-келген нәрсеге алданып, Жұлдызға сұрақ қойғандай жалған парақшаларға жазбай-ақ қойсаңыздар екен. Қайраттың парақшасына және менің парақшама xалық, Жұлдыз неге бұлай сөйлейді, неге тынышталмайды т.б жүйкеге тиетін сөздер жазып мазалауда. Тіптен жыныстық сұмдықтарды да салып елді таң қалдыруда, блогқа қойып үлгермейсін. Жалған парақшалардың ақша табу, подписчик жинау сияқты қара ниетпен жазылған сөздерге сене бермесеңіздер",- деді Гүлзира Айдарбекова.