Алматыда митинг кезінде елді полицейлерге қарсы арандатқан үш адам ұсталды
СМС арқылы адамдарды полицияға қару қолдануға үгіттеген үшеу қазір уақытша тергеу абақтысында жатыр
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталғандардың бірі - 34 жастағы ер адам Алматы облысындағы ауруханалардың бірінде дәрігер болып жұмыс істейді. Ол мессенджер арқылы қоғамды тәртіпсіздік ұйымдастырып, полиция қызметкерлеріне қарулы күш қолдануға шақырған. Ұсталған тағы екі адамның бірі - Қызылорда қаласының, екіншісі - Өзбекстан тумасы болып шықты. Ұсталған соң олар қазақстандықтарды арандатуға түсіп қалмауға шақырды. Қазір үшеуі де уақытша оқшаулау орнына қамалған. Оларға ҚР ҚК 272-бабының 3-бөлімімен билік өкілінің айтқанына қарсы шығып, жаппай бұзақылыққа шақырды деген айып тағылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Тексеру жүріп жатыр.