Митингіде бақбақ гүлін қабыл алған сарбаз сол кішкентай қызбен кездесті
Қыздың анасы: Осындай мейірімді бала тәрбиелеген Шәмілдің анасына мың алғыс
Шәміл Хасанов пен алматылық екі жасар қыздың суреті көпшіліктің жүрегін жібітіп, бір күннің үздік ең ұтымды шыққан фотосы атанған еді. Ол жерде сап түзеп тұрған сарбазға кішкентай қыз бақбақ гүлін ұсынады. Сарбаз өз кезегінде қыздың қолын қайтармастан, жымиған күйі гүлді қабыл алған сәті суретке айқын түскен.