2019 жылдың мамырында Қазақстан халқының саны 18 млн 468 мыңнан асты
Қазақстан халқының саны 2019 жылдың 1 мамыры бойынша 18 млн 468 мың 900 адамға жетіп, 2018 жылдың 1 мамырынан бері 239 900 адамға артты.
Тарқата айтқанда, Қазақстандағы қалалар халқының саны 10 млн 751,4 мың адамды (жалпы, халық санының 58,2 пайызы), ауыл халқы 7 млн 717,5 мың адамды құраған. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында республикада 1 жасқа дейінгі 1 138 бала шетінеген (өткен жылдың қаңтар-сәуір айларында 1 095 бала). Бала өліміне негізінен перинаталды кезеңдегі жағдайлар себеп болып жатады. Осы себептер бойынша қаңтар-сәуір аралығында 584 бала көз жұмған (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 506). Аномалиямен туған балалардың 223-і (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 239) өмірден өтті. Тыныс алу мүшесінің ауруынан 92 бала, қайғылы жағдайлар мен уланудан, жарақаттардан 37 бала жан тапсырған.