Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Гүлназ Жоланова: Кезінде жіберген қателіктерімді зерттей келе әкесіз өскенімнен екенін түсіндім

Гүлназ Жоланова: Кезінде жіберген қателіктерімді зерттей келе әкесіз өскенімнен екенін түсіндім
ашық дереккөз
Қазақ аруы атанған Жоланова анасы екеуін тастап кеткен әкесін не себепті және қалай кешіргенін айтты
Бүгінде танымал актриса атанған Гүлназ Жоланова өзін үлкен сахна мен кино әлеміне жетелеген Баян Мақсатқызына алғысын жаудыруда. Ақтау қаласында анасы екеуі ғана тұрған оқушы Гүлназдың армандары да мүлде басқа болыпты, деп жазды KYN.KZ. Тек "Қазақ аруы" байқауы оның өмір жолын бірден жақсы жаққа әрі өзі ойламаған бағытқа бұрып жіберіпті. Актриса Қарақат Әбілдинаға берген сұхбатында алғаш рет туған әкесі жайлы елді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді. "Бұл сұрақ негізінде анам екеуіміз үшін де жабық тақырып. Олай дейтінім, бұл жағдайды көп талқылай бермейміз. Негізі анам мен әкемнің арасында не болғанын бәрін білемін. Бір рет анам екеуіміз талқылап нүктесін қойдық. Содан кейін қайтып әңгіме қозғалған емес. Әкем сол Ақтау қаласында тұрады. Кішкентай кезімде бірнеше рет көрдім. Мектептің кезінде бір-екірет кездескенбіз. Соңғы рет мектеп бітіргенде көрдім. Қазір араласпаймыз өкінішке орай. Негізі, қазір бәрі психологиямен айналысып жүр ғой. Мен де өзімді зерттеп көрген жайым бар. Бұрындары жіберген қателерімді, асығыс шешімдерімді ойласам сол мәселенің туындауына осы анам мен әкемнің ажырасуы түпкі себеп болған екен. Сондықтан мен ол үшін ешкімді де кінәламаймын. Мен тек ортадағы баламын. Екі тарапты да кешірдім. Кешірмесем ол менің алдағы өміріме кедергісін келтіруі мүмкін. Егер әкемде ниет болып жатса алдағы уақытта араласатын шығармыз деп ойлаймын. Бірақ, менің анам мінезі қатты, ұстамды адам. Сондықтан болар мен ешқашан отбасындағы мәселеге орай қиындық көрдім деп айта алмаймын",- деді Гүлназ Жоланова
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар