Тұрлыхановтардың анасы Мәрзия Айтбайқызы өмірден озды
Қазаққа Дәулет Тұрлыхановтай балуанды тауып берген, он баланы дүниеге алып келген алтын құрсақ ана Мәрзия Айтбайқызы дүниесалды, деп жазды KYN.KZ Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы 80 жасқа қараған шағында яғни 15 маусым күні қайтыс болды. Тұрлыхановтың айтуынша, қоштасу-жерлеу рəсімі 17 маусымда сағат 10.00-де Алматы қаласындағы Достық спорт сарайында өтеді.
Көпшілік ел анасынан көрген жақсылықтарын айтып Тұрлыхановтар әулетіне қайғыра көңіл айтуда.
Ақын Құрманай Бақтиярқызы Мәрзия анаға арнап өлең жазды.