Басты жаңалықтар

Шырынның ізімен: Камшаттың жаңа образы елдің ашуын келтірді (фото)

Әнші Star of Asia-ға сәукеле мен кеудесі ашық, етегі қысқа оюлы киім киген еді

Танымал әнші Камшат Жолдыбаеваны көпшілік тағы да ашық-шашық образы үшін сөкті, деп жазды KYN.KZ. Әнші Star of Asia фестиваліне қазақы нақышта киінген. Сәукеле мен оюлы көйлекті арнайы тапсырыспен тіктіргені көрініп тұр. Тіпті етікке дейін жауынгер қыздардың мінезінен хабар беріп тұрғандай. Әншінің оқырмандары осы образына орай сөз таластырып қалды. Бірі жақында ғана сәукелені жалаңаш кейіп дүйім қазақтың сынына қалған Шырын Нарчаеваны еске алса, тағы бір топ Камшаттың ашық киімге әуестігіне ренжіді. Ал тағы бір топ Камшатқа не кисе де жарасатынын айтып, оған тек табыс тілейтіндерін жазып жатты.