Ақтөбеде Әбдіжаппар Әлқожаның әніне билеген түлек әп-сәтте жұлдызға айналды
"Алтын белгі" иегерінің әсерлі биі желіде тез таралуда
Марапаттау шарасында топ ішінен дараланған қыз Ақтөбе қаласындағы №3 мектеп түлегі Сәбина Батенова деп хабарлайды KYN.KZ.
Алтын белгі игері Сәбина Батенова өзінің осылайша танымал болатанын мүлдем күтпегендігін айтады.
"Желіге шыққаны ыңғайсыз болып кетті. Әбдіжаппар Әлқожа менің сүйікті әншім. Соған қарап өзімнің көңіл-күйім жақсы болды. Бәріне жақсы көңіл сыйлағым келді. Марапаттауға қатысып, Әбдіжаппардың екі-үш әнін тыңдағаннан кейін үйге қайтып кеттім.
Үйде отырсам, жұрттың бәрі "Сен Instagram-да жүрсің" деп хабарласып жатыр. Достарым, туыстарым, таныстарым бәрі жазды. Видеоны көргенде өзім ұялып қалдым. Мұндай танымалдылықты күткен жоқпын. Маған ол жерде "неге билейсің?" деп ешкім ұрысқан жоқ", - дейді түлек.
Бірақ видеороликке назар аударсаңыз бір әйелдің қызға жақындап, биді доғаруын сұрағанын байқауға болады. Соңында, педагогке сөз аспаған түлекті байқаған полиция қызметкері оны көрермендер тобына мәжбүрлеп қосады.