Динара Қырықбаеваның 30 жасқа толған туған күніне алған сыйлығына көпшілік сүйсініп қалды
Динара: Мен бірінші болып маған өмір сыйлаған әкем мен анамды құттықтадым
Танымал әнші Динара Қырықбаева 30 жасқа толды. Әнші өзінің жасын еш жасырған емес. Үнемі жүзінен күлкі тепейтін Динара бүгінде желіде атын шығару үшін ешқандай хайп жасамайтындардың қатарында. Бақытын отбасынан тапқан халықтың сүйікті қызы бүгінде үшінші мәрте ана атанғалы жүр.
Өзінің мерейтойы күні қолына бір құшақ гүл алып, ата- анасын құттықтауға баражатқанын айтқан еді. "Мен анам мен әкемді құттықтауға келдім. Расында отыз жыл бұрын маған осы өмірді сыйлаған осы кісілер ғой. Мереке осы кісілердің арқасы" деп жазған еді. Көпшілік анасы мен әкесіне деген құрметін көріп әнші қызға алғыстарын жаудырып, баталарын берген еді.
Жүкті келіншектің бір бөлмесі түрлі гүлге толғанын көрген көпшілік Динараның алған сыйлығына сүйсініп қалды. Әрі оған аман- есен босанып алуды тіледі.