Басты жаңалықтар

Арынбаев басындағы дертінің 90-шы жылдары төбелес кезінде алған соққыдан пайда болғанын айтты

Әнші: Таныс емес адамдар алдында, көлік рөлінде отырып есімнен танып қалған кездерім болды. Бір Құдай өмірімді сақтап келді.

Медеу Арынбаев жақында ғана басына ота жасатып, ауыр дерттің алдын алғаны жайлы айтқан еді. Негізі әнші талма ауруымен соңғы жиырма жыл бойы ауырып келіпті. Дәрігерлермен кеңесе отырып биыл ғана ота жасатуға шешім қабылдаған екен, деп жазды KYN.KZ. "Көпшілік соңғы кездері хәлімді сұрап жиі хабарласатын болды. Расында ота жасаттым. Сондай бір ауыр дертпен ауырдым деп айта алмаймын. Ота жасатып ауыр дерттің алдын алдым десем болады. Ойламаған жерден есімді жоғалтып құлап қалатынмын. Кезінде ондай жағдай жылында бір мәрте болатын. Кейіннен екі, үш ретке көбейді. Нгізі бұл жағдай бойымда  90-шы  жылдары төбелестің кезінде ауыр соққы тиіп, содан пайда болды. Достарым мен әншілердің арасында талып қалсам, тұрып әрі қарай кетеберетінмін. Ұялмайтынмын. Соңғы кездері таныс емес адамдардың арасында жиі болып кетті. Оянасың, бәрі дұрыс сияқты. Бірақ, ана көрген бейтаныс адамның есінде қалып қояды,қысыласың. Одан бірде көлік рөлінде есімді жоғалттым. Бір Алла өмірімді сақтады. Жасыратыны жоқ, ел көрді ғой тарап та жатқан болар. Бірде ән салып тұрып сахнада құладым. Содан ойландым. Әйелім өмірден өтерде қыз бен ұлды жеткізем, алаңдама деп уәдемді бергем. Сол уәдемде тұру үшін де маған ота жасату керектігін түсіндім. Содан  әрі кетсе 4-5 сағат жасалатын отамыз он сағатқа созылды. Ота барысында бірнеше шешімдер қабылданыпты. Бастысы қазір жақсымын, қалпыма келіп жатырмын",-деді Медеу Арынбаев Қарақат Әбілдинаға берген сұхбатында. Осы ақпарат телеарналардың бірінде көрсетілгеннен кейін көпшілік Арынбаевқа жағдайын біліп жиі хабарласатын болған. Бірақ әнші ел алдына жеке мәселесімен шығабергенге қарсы. "Сондай бір "Өлім аузынан қалды" деп жазғандарды көріп өзім шошып кеттім. Негізі әлеуметтік желі дегенде өзім отырмаймын, балалар көрсетті. Халықтың алдына жиі шығабергенді ұнатпаймын. Сахнадан кеткім келмейді. Әніммен шықсам деймін. Жеке дүниелер бәрінде де бар. Күнделікті тіршілік адамның бәрінде бар. Байлық, жеке мәселе дегендей. Мен ел алдына жылтыңдап шығаберіп сыйсыз болып қалудан қорқамын. Өзім сол даусымды баптап, әдемі әндер орындап, шығармашылық ізденісте жүрсем өзімді жақсы сезінемін",- деді Арынбаев. Оқи отырыңыз:

Айжан Байзақова АҚШ-қа көшкісі келетінін, Қазақстанда өзіне талай қастандық жасалғанын айтты

Байзақова: Ата-анам мұсылман болғанымен мен дінсізбін

Дана Тұрарбек: Академияда мұғалімдер мені шошқаға теңеп, Мадиярды ұсқынсыз деп 6 жыл оқудан құлатты

Ләйлә Сұлтанқызы өзін сұхбатқа шақырған Қарақатты састырып тастады (видео)

Сәуле Әбединованы бір топ әйелдің не үшін сабағаны анықталды