Мөлдір Мекенбаева Moscow Grand Slam 2019 турнирінде «алтын» алды
Ол - джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы
Джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мөлдір Мекенбаева Moscow Grand Slam 2019 турнирінде алтын медаль алды. Дода UAEJJF ережесі бойынша өтті. «Әр жыл алтын жүлдемен басталады. Бұл әдетке айнала бастаған секілді, ендеше осы әдет менің джиу-джитсу жолымда дәстүрге айналсын» деп жазды Мөлдір Instagram-дағы парақшасында. Одан бөлек, спортшы өзін қолдаған жанкүйерлеріне және командасына алғыс айтты. Айта кетейік, Мөлдір 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Ол - джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.