Құрбыларының мазағына шыдамаған қыз төсіне 10 литр силикон құйдырып алған
Ол төсін үлкейту үшін 50 мың доллар жұмсаған
Берлинде тұратын Пэрис Хермс есімді 27 жастағы ару төсіне 10 литр силикон салдырған. Бойжеткеннің бүгінгі келбеті көпшіліктің сынына ұшырауда. Бұл туралы KYN.KZ fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Төсін үлкейту үшін 50 мың долларын сарп еткен ару бүгінде өзін бақытты сезінетінін алға тартты. "Наркоздан оянғанда өзімді әлемдегі ең бақытты адам сезіндім", - дейді ол Бойжеткен мұндай қадамға құрбыларының мазағынан кейін барыпты. Себебі арудың табиғи төсі айтарлықтай үлкен болмаған. Бүгінде оның парақшасына 200 мың адам жазылған. Ару пластикалық отаға тым әуестенгені үшін желі қолданушыларынан жиі сын-пікірлер естиді.