Басты жаңалықтар
Арыста әріптестерін өлтіріп тонаған инкассатор сол ақшамен қарыздарынан құтылмақшы болған
- автор kyn.kz
- 18 маусым, 2019
- 311
Қамауда отырған күдікті 5 баланың әкесі. Ол екі банктен кредит алған оған қоса көптеген адамдарға қарыз екен.
Түркістандықтардың жағасын ұстатқан оқиға осы жылдың 7 маусымында болған
Түркістан облысында әріптестерін өлтірді деген күдікке ілінген азамат екі айға қамауға алынды.
Арыс аудандық соты қызметкерлерінің мәліметінше, күдікті 38 жаста, 5 баласы бар. Ол 2007 жылдан бері оққа ұшқан инкасаторлармен бірге Арыс қаласындағы "Қазпочта" бөлімінде жұмыс істеген, деп хабарлады otyrar.kz порталы.
Күдікті қылмысқа 2 банктен алған кредиті мен басқа да қарыздарын жабу үшін барғанын айтқан.
Еске салсақ сұмдық жағдай өткен аптаның соңында болған еді. Зейнетақы мен жәрдемақының ақшасын таратып жүріп, жоғалып кеткен инкассаторлық көлік, 8-ші маусым күні Арыс қаласының маңынан табылған болатын. Полицейлер ертесіне иен даладан екі инкассатордың денесін анықтаған.
Бұл бойынша 39 жастағы пошта қызметкері күдікті ретінде ұсталған болатын. Ол инкассаторлық көлікке жарты жолға дейін жетіп алайын деп, өтініп, мініп алған көрінеді.
Сөйтіп, ауылдан шыға бере екі инкассаторды өлтіріп, 7 жарым млн теңгені ұрлап кеткен. Қарақшылық шабуыл жасады делінген 5 баланың әкесі қазір қамауда отыр.