Басты жаңалықтар

Танымал әншінің жабысқан киімі қалың көрерменнің алдында жыртылып қалды(фото)

Шалбарының бөксе тұсы жыртылып, ішкиімі көрінсе де өнер иесі ән орындауын жалғастыра берді.

АҚШ-тың Теннесси штатында өткен Bonnaroo Arts And Music Festival фестивалінде танымал интернет-жұлдыз, әнші  Карди Бидің сахналық киімі жыртылып масқара болды. Бұл туралы KYN.KZ Daily Mail сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.  Оқиға жексенбі, яғни, 16-шы маусым күні орын алды. Рэпер бикеш сахнаға денесіне жабысып, жалтыраған комбинезонмен шыққан. Қойылым барысында, киімінің жанбас бөлігі жыртылып, көрермен алдында ұятқа қалды.    Соған қарамастан әнші ақ халат киіп, өз қойылымын жалғастырды. Әйткенмен, бұл да сұлуға көмектеспеді. Себебі  іш киімі көрініп, біраз әуреге түскен.  Ұятқа қалудан қорықпайтын Карди Би өз әлеуметтік желісінде жариялаған  бейнематериалда, италяндық Dolce & Gabbana сән үйінен алған джинсына шағымданып, шешініп тастады. «Ыңғайсыздық тудырып, бөксесіне жабысқан шалбарға шыдай алмаймын!»- деп ақталды кербез жұлдыз.